Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыШымкентте балаларды кәсіби бағдарлауға бағытталған «2000 мектеп» республикалық акциясы өтіп жатыр. Аталған шара шаһарда осымен бесінші рет ұйымдастырылуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
"Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" РМК Шымкент қалалық филиалының қызметкерлері мектеп оқушылары мен колледж студенттерімен кездесіп, мамандық таңдау бойынша кездесулер өткізуде.
Қазіргі таңда жол саласында мамандар жетіспейді. Сол себепті біз мектеп оқушыларымен кездесіп, осы салаға деген қызығушылығын арттыруға күш салып жатырмыз. «2000 мектеп» республикалық акциясы аясында жол саласында еңбек етуге ниет еткен студентерді өндірістік тәжірибеден өтуге шақырамыз, - дейді орталық мамандары.
Акция аясында оқушылардың қатысуымен ай сайын Ашық есік күні шарасы өтеді. Жеткіншектер сынақ зертханасын, оның техникалық жарақтандырылуын және сынақтардың жүргізілуін өз көздерімен көре алады.
Айта кетейік, соңғы бес жыл ішінде «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Шымкент қалалық филиалы 359 орта және жоғары оқу орындарында үгіт-насихат жұмыстарын өткізіп, оған 13 мыңнан астам оқушы қатысты. Мұндай кездесулер жыл соңына дейін жалғасады.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар