Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрШымкент жүрек орталығында соңғы 5 жыл ішінде МӘМС жүйесі есебінен 20-ға жуық науқасқа жасанды жүрек отасы жасалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Орталықтың бас дәрігері Дархан Сүйгенбаевтың басқаруымен білікті дәрігерлер құрамы таяу күндері 68 жастағы науқасқа жасанды жүрек орнатып, аман алып қалды. Ота жасау уақыты шамамен 4 сағатқа дейін жалғасқан. Өткір жүрек жетіспеушілігіне шалдыққан зейнеткер ауруханаға ауыр халде түскен. Науқастың өмірін сақтап қалудың жалғыз жолы жасанды жүрек салу болған. Пациенттің айтуынша қазіргі таңда ентігуі мен барлық ауырсынулары басылып, жағдайы жақсарған.
Дәрігерлерге алғысым шексіз. МӘМС жүйесіне рахмет. Операция ойдағыдай өтті. Барлық ем-шаралар мен дәрі -дәрмек мен үшін тегін болды. Әйтпесе ондай қаражатты таба алмас едім,-дейді көзіне жас алып Абдихашым Исабаев.
Көмекші механикалық құрылғы қан айналымын жеткілікті көлемде қамтып, жүрек жұмысын қалыпта ұстайды. Пациент тек алдағы уақытта үнемі сымдары жүректегі аппаратқа жалғанған сөмкемен жүруі қажет. Аппаратты арнайы батареяларымен қуаттайды. Жоғары технологиялы медициналық көмек созылмалы жүрек жеткіліксіздігі ауруына шалдыққан азаматтардың өмірін ұзартуға немесе жүрек трансплантациясын күтуге мүмкіндік береді. Қымбат бағалы бұл ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен жасалынады.
Жалпы, Шымкент жүрек орталығында жасалып жатқан күрделі операция түрлері созылмалы жүрек жеткіліксіздігімен ауыратын азаматтардың өміріне араша болуда. Клиникада қазіргі таңда 138 төсек-орын мен 40-қа жуық кәсіби кардиолог, кардиохирург, аритмолог дәрігерлер қызмет етеді.
Айта кету керек, былтырғы жылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы Шымкент қаласында медициналық ұйымдарда 1500-нан астам жоғары технологиялы медициналық көмек көрсетілген.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова