Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыШымкентте үлкендердің қарауынсыз қалған 2 жасар бала абайсызда сірке қышқылын ішіп қойған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ауыр халде ауруханаға жеткізілген баланың ауыз қуысы толықтай күйіп, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Оқи отырыңыз:
Бүлдіршін бірден жансақтау бөліміне жатқызылған. Екі аптаға жуық ауруханада анасымен бірге жатқан баланың бүгінде беті бері қарап келеді.
Үйде банка жаптық. Сірке қышқылы төмен жақта қалып кеткен екен. Балам ойнап жүріп, қараусыз қалғанда соны ішіп қойды. Жағдайы бірден нашарлап, реанимациядан бір-ақ шықтық, - деді науқастың анасы.
Дәрігерлердің айтуынша, бүлдіршіннің ауыз қуысы, өңеші және асқазаны қатты күйіп қалған. Салдарынан тыныс алуы қиындаған оны дәрігерлер жасанды тыныстандыру аппаратына қосқан.
11 шілде күні жедел жәрдем қызметімен 2021 жылы туған бала ауыр халде Т.Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығына жеткізілді. Келген кезде жағдайы ауыр болған. Сірке қышқылын ішкеннен кейін тыныс жетіспеушілігі байқалған, - деді Т.Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығының бөлім меңгерушісі Асылхан Мыңбосынов.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары