23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Бас прокуратура он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түскен Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Күдікті 2023 жылы қыркүйекте Шымкент қаласының жалдамалы пәтерлерінің бірінде 14 жастағы жасөспіріммен жыныстық қатынасқа түскен. Қылмыс жасалғаннан кейін қаскүнем жасырынып, халықаралық іздеу жарияланды. Биыл сәуірде ол Ресей Федерациясының Новосибирск қаласында ұсталды, - делінген Бас прокуратура ақпаратында.
Қазақстан Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша Ресей тарапы күдіктіні отанына экстрадициялау туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта сотталушы тергеу изоляторына қамалды.
Аталған қылмыс үшін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік