Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекШымкент қаласының әкімі биыл мерекелік безендіруге шамамен 99 миллион теңге қарастырылғанын хабарлады. Оның айтуынша, шығынның бір бөлігі өткен жылдары пайдаланылған декорацияларды қайта қолдану арқылы қысқартылады, ал орталық алаңға табиғи шырша орнату жоспарланып отыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ғабит Сыздықбековтің сөзінше, 2025 жылы мерекені дайындау барысында барлық бағытта үнемдеу саясаты жүргізіледі.
Өткен жылы қолданылған әшекейлер аудандық қоймаларда сақталған. Биыл соларды қайта пайдаланамыз. Қалада бес аудан бар, сонымен бірге орталық алаңға да шырша қойылады. Осы жолы жасанды емес, табиғи шырша орнатуды қолдап отырмын, - деді ол брифингте.
Журналистер өткен жылы жаңа жылдық безендіруге 80 миллион теңге бөлінгенін еске салған кезде, әкім биылғы соманың артуы кейбір нысандардағы қосымша шығындарға байланысты екенін, дегенмен жалпы шығынды азайту бағыты сақталғанын жеткізді.
Салыстыру үшін Батыс Қазақстан облысында биыл жаңа жылға небәрі 11 миллион теңге жұмсалмақ. Аймақ басшысы Нариман Төреғалиевтің айтуынша, өңір бірнеше жылдан бері бір шыршаны пайдаланып, оны әр маусым сайын қайта жөндеп, сақтап келеді.
Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекКеше, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес