6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерШымкентте 56 жастағы тұрғын ұлына бір бүйрегін беріп, перзентіне жаңа өмір сыйлады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық №1 клиникалық аурухана базасында 230-шы бүйрек трансплантациясы өтті. 1969 жылғы ер адам донор болып, 23 жастағы баласына бүйрегін берді.
Дәрігерлердің айтуынша, 4,5 сағатқа созылған операция сәтті өтіп, екі пациент те жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды.
Денсаулық сақтау басқармасындағылар бүйрегі алмастырылған реципиент 1,5 жылдан бері созылмалы бүйрек жетіспеушілігімен кезекте тұрып, гемодиализ аппаратына тәуелді болғанын атап өтті.
Айта кетейік, бүгінге дейін Шымкентте 230 бүйрек және 32 бауыр трансплантациясы жасалды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі