Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр“Әй, Әйтенов қайдасың?..” Шымкент қаласының әкімі емессің бе?.. Өзіңе бетпе-бет айтарым бар еді”-дегендерді үшінші мегаполистің әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы жүзбе-жүз қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Несін айтасың “Көрме” орталығы лық толы халық. Көкейдегісін айтып келген елде есеп жоқ. Әкімнің орынбасарлары мен басқарма басшылары түгел осында жүр. Хаттамаға түсіріп, түртіп алып жатыр арыз-шағымдарды. Халыққа жақындағаннан жаманатты болмас ешкім. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтып жүрген “ашық қоғамы” Шымкентте елге есігін ашты. Кешке дейін келушілер толастаған жоқ.
Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы Ғабит Мәуленқұлов “El.kz” сайтына арнайы сұхбат берді.
"Қала әкімінің ашық қабылдауына 300-ден астам адам келіп, өз өтініштерін айтты. Оларды қала әкімі және салаға жауапты әкім орынбасарлары, басқарма басшылары, Шымкент қаласының прокуратура және қалалық полиция департаменті қызметкерлері, мемлекеттік орган өкілдері қабылдап, арыз-шағымға құлақ асты. Иә, тұрғындар тарапынан бизнес бастауға грант алу мүмкіндігі, арнайы әлеуметтік көмек түрлеріне жазылу, жер телімдерін заңдастыру, жер телімдерінің нысаналы мақсатын ауыстыру, тұрғын үйге кезекке тұру, баспананы жалға алу, жылыту маусымындағы жылу жүйелерінің сапасы секілді басқа да өзекті мәселелер көтерілді. Денсаулық пен білім беру салаларындағы бірқатар проблемалар да айтылды", - деді қала әкімі аппаратының басшысы.
"Барлық мәселенің шешілу жолы заң шеңберінде қаралып, тиісті сала мамандарының талқылауымен жан-жақты саралана отырып, хаттамаға енгізіліп отыр. Хаттамаға енгізілген кейбір сауалдар шешімін бірден тауып жатса, кейбірі ұзақ мерзімді қажет етуде", - дейді Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы Ғабит Мәуленқұлов.
“Әкім бол, халқыңа жақын бол!” дегенді құлаққа құйып өскен әкімді ешкім де өзектен теппесі анық.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова