Шымкент қаласы әкімінің жалақысы қанша?

7 Желтоқсан 2023, 17:18 1405

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков айлығы туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер Ғабит Әбдімәжитұлына «Шымкент қаласы әкімінің айлығы қаладағы ең төменгі жалақы алатындардан қанша есеге көп? Себебі сіздің өңірде жалақы көлемі басқа аймақтармен салыстырғанда төмен» деп сұрақ қойды.

Айлығымның қанша есе көп екенін айта алмаймын. Шатаспас үшін санап айту керек шығар. Бірақ мен де қызметімді ең төменгі жалақыдан бастағанмын. Ол кезде 18 мың теңге алғанмын. Бізде орташа жалақы – 270 355 теңгені құрайды. Ал ең төменгі жалақы – 70 мың теңге, - деп жауап берді қала әкімі.

Айта кетейік, Ғабит Сыздықбеков қалада кәсіпкерлік қолдау шараларына сұраныс өте жоғары екенін айтты.

Оқи отырыңыз: 

Ажар Лаубаева
Бөлісу: