12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікШымкент полициясына бір аптада 7 мыңға жуық адам жүгінді, – деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
6-12 ақпан аралығында Шымкент қаласы полиция департаментінің жедел басқару орталығының “102” арнасына түрлі сипаттағы 6902 қоңырау түсті.
Бір апта ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен 17 қылмыс ашылды: ұрлық, бұзақылық, автокөлікті заңсыз иемдену жайттары бар. Атап өтейік, бейнебақылау камералары құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қылмыстарды ізін суытпай ашуға үлкен көмек көрсетеді.
Бұдан басқа, 1197 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды: ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабы бойынша (Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау) -206, ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша (Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болу) – 63, ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы бойынша (Қоғамдық орындарда тиісу) – 11, жол қозғалысы ережелерін бұзу жайттары – 729, 188 – өзге де құқық бұзушылықтар.
Мегаполистің тәртіп сақшылары құқық бұзушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын және қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті қатаң сақтау қажеттігін еске салады.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер