13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз
Шымкент полицейлері тұрғыннан 47,5 келі сора тәркіледі, – деп хабарлайды El.kz порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында өз үйінде ірі көлемде құрамында есiрткi заттары бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсірген азаматты анықтады.
Ол 57 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Күдіктіні ұстау және заңсыз іс-әрекеттерін әшкерелеу шараларына Қаратау АПБ жергілікті полиция қызметі бөлімі №67 учаскелік полиция пунктінің учаскелік полиция инспекторлары мен патрульдік полиция полкінің №852 экипаж қызметкерлері қатысты.
Тексеру барысында 57 жастағы азаматтың тұрғылықты мекенжайынан жалпы салмағы 47,5 келі құрайтын 636 түп есірткі өсімдігі тәркіленіп алынды. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткі өсімдігі сора тұқымына жататыны анықталды.
Бүгінде аталған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Айта өтетін ақпарат, күдікті бұрын да осыған ұқсас қылмысты жасағаны үшін сотты болған.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды