23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Шымкент мұнай өңдеу зауыты бір айға жуық жоспарлы жөндеуден өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министрліктің ақпараты бойынша, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және технологиялық жабдықтар мен құбырларды, энергетикалық жабдықтарды, технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесін және бақылау-өлшеу құралдарын куәландыру үшін мұнай өңдеу зауыттарына жоспарлы түрде алдын ала жөндеу жүргізу талап етіледі.
«2022 жылғы желтоқсанда бекітілген кестеге сәйкес, Шымкент мұнай өңдеу зауытына биыл 15 наурыз бен 9 сәуір аралығында жөндеу жүргізіледі. Жөндеу жұмыстары жабдықтың жұмыс қабілеттілігі мен оның жекелеген бөліктерін ауыстыруды, қалпына келтіру және оларды реттей отырып, қамтамасыз етуді көздейді», - деп мәлім етті министрліктің баспасөз қызметінен.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік