Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекШымкентте 16 сәуірде толассыз жауған жауын-шашыннан қаладағы бірнеше көшелерді су басты. Соның салдарынан ирригация жүйелердің су өткізу қабілетінің күші жетпей, жерасты жолдары мен аулалар, көлік жолдары, сауда орындары суға толды, деп хабарлайды otyrar.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық әкімдіктегілер шаһардағы бес ауданда көшелерді жауын суынан арылту жұмыстарына 5 компания жұмылдырылғанын хабарлады.
Қалалық ТЖД жаңбыр суын сору жұмыстарына әкімдіктің коммуналдық және төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері мен техникалары жұмылдырылып, су толығымен айдалғанын, қаладағы жағдай қалыпты екенін айтты.
"Қазіргі таңда әлеуметтік желілерде видеолары таралған учаскелерде жағдай қалыпты. ТЖД және жергілікті атқарушы органның су сору құрылғылары арқылы жауын суы қауіпсіз жерге шығарылды. Су жиналу фактілерінің негізгі себептері - ирригациялық жүйелердің су өткізу қабілетінің күші жетпеуінен сулар жиналған. Қазіргі таңда жағдай қалыпты",-деді қалалық ТЖД Төтенше жағдайдың алдын алу бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Ирисмат Махмудов.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?