Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыШымкент әуежайы екі миллионыншы жолаушысын қарсы алды. Ол қала тұрғыны Гүлжан Кенже болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әуежай ұжымы бұл жолаушыға Қазақстан аумағында саяхат жасауға сертификат табыстады.
Әуежай тарихындағы бұл салтанатты іс- шараға қала әкімдігі, Vizit Shymkent және SCAT авиакомпаниясының өкілдері қатысты.
Қала халқының жылдан-жылға артуы және туристер санының көбеюі әуежай жүктемесін арттырып қана қоймай, сервистік қызмет сапасын жақсартуды талап етеді. Әкімдік тарапынан әуежай аумағында автотұрақ абаттандырылып, кірме жол және инженерлік желілер жүргізілді.
Қала әкімдігінің мәліметінше, бүгінде жаңа терминалдың құрылысы жеке инвестиция есебінен жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда терминал аумағы абаттандырылуда. Жобаның жалпы орындалу көрсеткіші 99%-ға жетіп, құрылыс жұмыстарын жыл соңына дейін толық аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар