2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Шымент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы «Бірге күліп, шаттанайық!» мерекелік іс-шарасын өткізді.
Достық үйі ауласында өткен мерекені ұйымдастырушылар балдырғандарға қызық бағдарламалармен қатар сыйлықтар жасады.
Мерекелік іс-шараға қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы мен «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, қаладағы этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері және көпбалалы, аз қамтылған отбасылардан 150-ден астам бала қатысты.
Салтанатты жиында қалалық ҚХА төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов мерекенің маңызына тоқталып, балаларға ыстық лебізін білдірді.
Қалалық Оқушылар сарайының өнерпаздары бүлдіршіндердің назарына ертегілер желісімен дайындалған қызықты сахналық қойылымдар мен көңілді ойындар ұсынды.«Кез келген ел келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Біз қолдан келгеннің бәрін сендер үшін жасаудамыз. Ал болашақта сендер Қазақстанның игілігі үшін аянбай еңбек етеді деп сенеміз. Жас буынға қамқорлық жасау дәл осы мереке қарсаңында ескерілетін шаруа емес, ол барлық уақытта қоғамның назарында болатын маңызды міндет», – деді М. Қалмұратов
Сондай-ақ бұл күні қалалық ҚХА-мен бірге славян, әзірбайжан этномәдени бірлестіктері Шымкент қаласындағы №11 емханада тіркеуде тұрған мүмкіндігі шектеулі балалар мен қалалық №3 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне барды. Ассамблея мүшелері 148 балаға сыйлық үлестірді.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова