Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыШымкент әкімі V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысқан шымкенттік спортшыларды марапаттады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы қала басшысы желі парақшасында жазды. Аталған ойында Шымкент атынан 18 спортшы қатысқан.
Бүгін жеңімпаздармен кездесіп, ұлттық құрама сапында лайықты өнер көрсеткен спортшыларды құттықтадым. Арнайы сыйлықтар мен ақшалай сертификаттар табыстадым. Біздің 18 спортшымыз 10 спорт түрі бойынша бақ сынап, құраманың қоржынына 7 алтын, 5 күміс және 4 қола медаль салды. Кездесу барысында спорттың дамуына қосқан үлестері үшін қатысушыларға және жоғары нәтижеге жету жолында аянбай еңбек еткен жаттықтырушыларына алғысымды білдірдім. Сондай-ақ, спортшыларды жаңа жетістікке жету жолында жан-жақты қолдауымызды жалғастыратынымызды атап өттім,-деп жазды Ғабит Сыздықбеков.
Айта кетсек, қыркүйек айында Астана қаласында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойыны өтті. Бұл додада әлемнің 89-дан астам елінен келген спортшылар бақ сынады. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан ұлттық құрамасы 43 алтын, 32 күміс және 37 қола медаль жеңіп алып, бірінші орынға ие болды.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар