Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыШымбұлақ тау шаңғы курортында қар көшкіні жүрді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2025 жылғы 10 наурызда Медеу ауданы, «Шымбұлақ» тау шаңғысы курорты. «Қазселденқорғау» ММ ақпараты бойынша – №26в, 26г қар көшкіндер жинағында қар көшкіні орын алды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ, – делінген Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті хабарламасында.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін ТЖД Қазгидрометтің 7 наурыздағы дауылды ескертуі негізінде азаматтарды таулардағы көшкін қаупі хабардар етті.
Нақтыланған ақпарат бойынша бүгін Шымбұлақта жолдан тыс сырғанау кезінде 3 турист тау бөктерін кесіп өтіп, көлемі шамамен 3500 текше метр қар көшкінінің түсуіне ықпал етті.
Абырой болғанда құрбан болғандар мен зардап шеккен адамдар туралы ақпарат түскен жоқ.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары