6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерШымбұлақ тау-шаңғы курортында қысқы маусымның техникалық ашылуы 26 қараша күні өтеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл күннен бастап сол жақ Талғар, сондай-ақ жаңадан бастаушыларға арналған Ақ қонжық, Жылан және Ақ барыс трассаларында сырғанауға мүмкіндік туады.
Сонымен қатар, маусымдық жалға беру және локерлер Медеу базалық станциясына көшірілгенін ескертеді. Шымбұлақ станциясында да күнделікті пайдалануға арналған зат сақтау ұяшықтары дайын, сондықтан шаңғы құралдары мен жеке заттарды оңай сақтауға болады.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы курорттың техникалық ашылуы 23 қарашада өткізілген, ал ресми қысқы маусым 7 желтоқсанда басталған. Ал 2025 жылдың 13 сәуірінде сырғанау маусымы аяқталды.
Шымбұлақта қысқы маусымның басталуы аймақтағы туристік және спорттық белсенділікті арттырып, демалушыларға жаңа трассалар мен заманауи сервисті пайдалану мүмкіндігін береді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі