30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыБүгін, 19 шілдеде Алматыдағы «Шымбұлақ» тау курортында ECODAY – таулы аймақтағы экологиялық бастамалар күні ұйымдастырылады. Мақсат – таудағы соқпақтарын тазалап, әр адамның табиғатты қорғауға қосар үлесінің қаншалық маңызды екенін көрсету, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Сенбілік «Шымбұлақтың» бастапқы станциясынан басталып, қаза тапқан альпинистер мемориалына дейін жалғасады. Одан соң қонақтарды экологиялық тауарлар жәрмеңкесі мен түрлі танымдық шеберлік сағаттары күтеді.
Қала әкімдігінің хабарлауынша, қатысушылар Recycle Birge ұйымынан тұрмыстық қалдықтарды қалай дұрыс сұрыптауды үйреніп, HelloEco бастамасы арқылы бір реттік заттардың орнына көп реттік баламаларды қолданудың жолдарын көреді. Сондай-ақ қайта өңделген материалдардан жасалған бұйымдармен және Іле Алатауының табиғи өсімдіктерімен танысады. Сол күні жиналған пластик пен өзге де қайта өңделетін қалдықтар Recycle Birge орталығына жөнелтіліп, қыста солардан тау шаңғысы мен сноубордқа арналған тіректердің қалай жасалатынын көре алады. Бұл жабық экологиялық айналымның нақты мысалы болмақ.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды