Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыШығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы орман өртінің беті қайтпай жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Ұлан ауданы Асубұлақ орман шаруашылығы аумағында таулы, жартасты, жетуі қиын жерде шөп пен бұта өртенген.
Тілсіз жаумен күрес әлі жалғасуда. Жақын маңдағы елді мекендерге төніп тұрған қауіп жоқ.
Өртті сөндіруге қалың шөп, тау мен жартасты жерлер қиындық келтіруде. Осындай жағдайда отты ауыздықтауға тікұшақтың көмегі зор. Ең әуелі «Қазавиаорманқорғау» мекемесінің МИ-2 тікұшағымен өрт болған жерге аэровизуалды тексеру жүргізілді, - делінген ақпаратта.
«Қазавиақұтқару» мекемесінің МИ-8, Қорғаныс министрлігінің МИ-17 және ШҚО әуе бөлімшелерінің МИ-8 тікұшақтары су төгетін құрылғылармен өртті сөндіруде. Осы уақытқа дейін барлығы 120 рет су төгілді.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек