6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерБүгін Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде жастарды экологиялық бастамаларға тартуға арналған интерактивті пікірталас өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, экологиялық ұйымдар және сарапшылар қауымдастығы қатысты. Басты спикерлердің бірі – «Өскемен тынысы» Экологиялық қорғаныс бюросының жобалық кеңсесінің жетекшісі Елена Березинская-Абилова жастарды өңірдің экологиялық мәселелерін шешуге белсенді қатыстыру бойынша өз тәжірибесімен және ұсыныстарымен бөлісті.
Пікірталасқа ШҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Еламан Мұхтарханов, Виталий Чернецкий – «ECOJER» өңірлік экологиялық кеңесінің төрағасы, «Өскемен тынысы» бюросының мүшесі, Вадим Кушнарев – «ECOJER» филиалының экологы, «Өскемен тынысы» бюросының мүшесі қатысты.
Пікірталас барысында Шығыс Қазақстан облысының экологиясына қатысты өзекті мәселелер қарастырылып, жастардың тұрақты экологиялық тәжірибелерді дамытудағы рөлі және оларды табиғатты қорғау бастамаларына белсенді тарту шаралары талқыланды.
Фото: Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі