Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыШығыс Қазақстан облысында екі көлік соқтығысып 3 адам зардап шекті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Шемонаиха қаласында Toyota Mark 2 автокөлігінің жүргізушісі мас күйде рульге отырған. Соның салдарынан тізгінді басқара алмай қалып, Toyota Land Cruzer көлігіне соғылды.
Жол-көлік оқиғасының салдарынан екі көліктің жүргізушілері және бір жолаушы зардап шекті. Түрлі деңгейдегі жарақат алған олар медициналық мекемеге жатқызылды, - делінген ақпаратта.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 345-бабына (Абайсызда денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалған. Соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек