27.05.2024
12:55
1047

Шығыс Қазақстанда жер сілкінді

Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жерасты дүмпулерін сейсмикалық стансалар желісі 27 мамырда Астана уақытымен сағат 11:12-де тіркеді.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 986 шақырымда Қазақстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9,6. MPV магнитудасы - 4,4, - деп жазылған хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыдан 291 шақырым жерде жер сілкінгені жайлы жазған едік.