7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында өртенген үйден 3 адамның денесі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға Жаңа Бұқтырма кентінде болған.
Өрт сөндірушілерге хабарласқан куәгерлер бесқабатты үйдің 4-ші қабатындағы пәтерден қатты түтін шығып жатқандығын айтты.
Олар оқиға орнына жеткен кезде төргі бөлмеде диван, кілем мен ағаш еден жанып жатқан.
Барлау барысында жатын бөлмеден 1973 және 1975 жылғы ер адамдар мен 1977 жылы туған әйелдің денесі табылды. Өлімнің нақты неден болғаны әлі анықталмады.
Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалған.
Көп ұзамай жалпы ауданы 4 шаршы метрді құраған тілсіз жау толықтай ауыздықталды. Алдын ала дерек бойынша қызыл жалынның шығуына отты абайсыз пайдалану себеп болған. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 4 адам мен 2 техника жұмылдырылды, - делінген ақпаратта.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?