6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерШығыс Қазақстан облысында боранда адасып кеткен шопандар аман-есен табылды, деп хабарлайды El.kz облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, Зайсан ауданындағы шаруа қожалығының басшысы құтқарушыларға хабарласып, Қаратал ауылының маңында мал іздеуге кеткен 2 шопанның жоғалғанын жеткізген. ТЖД қызметкерлері жол талғамайтын «КУНГ» автокөлігімен көмекке аттанған.
Құтқарушылар қатты аяз бен қарлы боранға қарамастан 1963 және 1983 жылғы ер адамдарды іздестірді. Шопандардың бірі «Жадыра» шаруа қожалығынан 5 шақырым жерде табылды. Ал екіншісі көп ұзамай өз бетімен оралды. Шопандарға медициналық көмек қажет болмады, - деп мәлімдеді ТЖД.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі