20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекШығыс Қазақстанда 84 млн теңге қарызы бар алимент төлей алмай жүргендер букмекерлік кеңсенің пайдасына 100 млн теңгеден астам сома аударған, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.
Атап айтқанда, Өскеменде 1,5 млн теңге алимент қарызы бар борышкер А., онлайн букмекерлік кеңседе 7 млн теңгеге құмар ойнына бәс тігіп, ұтылған.
Талдау нәтижелері бойынша оларға түсіндіру жұмыстары жүргізілген соң, борышкерлер өз бетінше (E-Gov мобильді қосымшасы арқылы) құмар ойындарға қатысуға тыйым салды.
Сонымен қатар, борышкерлердің құмар ойындарға қатысуының жолын кесу бойынша одан әрі жұмыс жүргізу үшін Қазақстан Республикасы туризм және спорт Министрлігінің туризм индустриясы Комитетіне елімізде жұмыс істейтін букмекерлік кеңселерді анықтау туралы хат жолданды.
Құмар ойынға бәс тігетін тұлғалар туралы деректер де алимент төлеуден жалтарудың дәлелі болады.
Бүгінгі таңда алимент төлемеу бойынша қылмыстық істерді тоқтату туралы 2 шешімнің күші жойылып, қосымша тергеуге жіберілді.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?