Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекШығыс Қазақстан облысындағы 191 ауылда әлі интернет қосылмаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап.
Осы жылдың басынан бері Шығыс Қазақстандағы 20 елді мекенге кеңжолақты мобильді интернет қосылды. Соның ішінде ең шалғайдағы Тарбағатай ауданы Асусай ауылы, Катонқарағай ауданы Ақсу ауылы бар.
Өңір бойынша 363 елді мекеннің 172-сі интернетпен қамтылған, ал 191-і әлі қосылмаған. Өскемендегі №19, 20, 21-ші шағын аудандар интернетпен қамтамасыз етілді, алдағы уақытта 25-ші шағын ауданды қамту жоспарланып отыр. Аталған шағын аудандағы телекоммуникация желілерін қосу бойынша операторлармен келіссөздер жүргізіліп жатыр, - деді ШҚО Цифрландыру мен мұрағаттар басқармасының басшысы Серікхан Нұртазин.
Сонымен қатар биыл Шемонаиха ауданында Aitas холдингінің «Aitas Foundation» корпоративтік қорының бастамасымен «Ауылдағы интернет» қанатқақты жобасы іске қосылды.
Тұрғындарды интернетке қосу маусым айының соңында басталды. Қазіргі уақытқа дейін Шемонаиха қаласында 247 абонент интернетке қосылған. Бұдан бөлек, Шемонаиха ауданындағы Усть-Таловка, Выдриха және Верх-Уба ауылдарында, Катонқарағай ауданы Катонқарағай, Үлкен Нарын ауылдарында да осы бағыттағы жұмыстары жүргізіліп жатыр, - дейді басқарма басшысы.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?