15 Шілде, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов шығармашылық және тілдік бағыттағы докторантураға қабылдау талаптарындағы маңызды өзгерістер туралы хабарлады. Оның айтуынша, осыған дейін барлық үміткер үшін міндетті саналатын ағылшын тілі сертификатын тапсыру талабы бірқатар мамандықтар бойынша жойылды.
Аймағамбетов бұған дейін депутаттық сауал жолдап, докторантураға түсу критерийлеріне сараланған тәсіл енгізуді ұсынған еді. Депутат талаптың барлығына бірдей қойылуы қазақ тілі мен әдебиеті, музыка, орыс тілі мен әдебиеті секілді мамандықтардағы талантты зерттеушілердің жолын бөгегенін атап өтті.
Ғылым және жоғары білім министрлігі ұсынысты қолдап, министрдің №490 бұйрығымен Үлгілік ережелерге өзгеріс енгізді.
Енді шет тілі сертификаты мына білім беру бағдарламалары үшін міндеттелмейді:
– дене шынықтыру педагогтерін даярлау (D005);
– музыка педагогтерін даярлау (D006);
– қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау (D017);
– орыс тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау (D018).
Сонымен қатар, Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, докторантураға қабылдау кезінде эссенің орнына Research Proposal тапсыру жүйесі енгізілмек. Бұл талап тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен 2026–2027 оқу жылынан бастап жүзеге асады.
Депутат министрлікке мәселені жедел шешкені үшін алғыс білдірді. Алайда Scopus талаптарын қайта қарау, тізімді басқа шығармашылық бағыттарға кеңейту және тіл емтиханын оқу соңына қалдыру сияқты ұсыныстардың әзірге талқылау кезеңінде тұрғанын айтты.
15 Шілде, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?14 Шілде, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд