Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыМәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Әли Оқаповтың марапаты қайтарылмайтынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әли Оқапов әлеуметтік желідегі парақшасына өзінің видеосын жүктегеннен кейін мен министр ретінде ол кісімен сөйлестім. Ол шығармашылық адам болғандықтан, эмоционалды тұрғыда, барлығы жан-жақтан «талағаннан» кейін: «біріншіден, бұл менің еңбегім емес. Екіншіден, анаммен салыстырып жатқандықтан мен шыдай алмадым» деді. Сондықтан қазір ондай сұрақ жоқ, бәрі дұрыс деп отыр. Барлығы өзінде қалады, - деді Аида Балаева Мәжіліс кулуарында.
Айта кетейік, Республика күніне орай әнші Әли Оқаповқа «Құрмет» ордені табысталған еді. Көпшілік оның бұл орденге лайықты емес екенін айтып, хейт айтты. Одан кейін Әли Оқапов мемлекетік награданы қайтарып беретінін айтқан еді.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар