13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызШҚО-да мемлекеттік қызметкерлер, дәрігерлер, халық қалаулылары, ұстаздар, әлеуметтік сала қызметкерлері, зейнеткерлер мен студенттер Президент Жолдауын ден қойып тыңдады. Себебі әрбір азамат үшін әлемдік дағдарыс жағдайында елдің болашақ стратегиясымен танысу аса маңызды жаңалықтардың бірі.
– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтып өткендей, әлемдік дағдарыс жағдайында мемлекет пен халық бірлесе жұмыс жасауы қажет. Соның ішінде Мемлекет басшысы әсіресе жастарға үлкен үміт артып отыр. 2017 жылдан бастап техникалық, кәсіптік салада жас мамандарды тегін оқыту ел дамуының бір тетігі болып табылады, – деді Өскемен қалалық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Сайлаухан Аухадиев.
«Азия Авто» АҚ учаскелік шебері Айдос Жанғазиннің айтуынша, Елбасы өзінің биылғы Жолдауында халықты еңбек етуге шақырып, осы салаға көптеп ден қойған.
– «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, Президентіміз Жолдауында мемлекет пен халық еңбек етуде бірлесуі қажет. Себебі тек еліміздің әр азаматы аянбай еңбек еткен жағдайда ғана, көздеген мақсаттарымызға жете аламыз деген ойдамын, – деді Айдос Жанғазин.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды