Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіШҚО полицейлері ұрланған 25 жылқыны иесіне қайтарды, деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
16 қыркүйекте Тарбағатай ауданының ПБ-ға жергілікті тұрғын еркін жайылымнан 36 жылқы ұрланғаны туралы өтініш білдірген. Дереу тергеу-жедел тобы құрылып, оны Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері басқарған.
22 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұрланған малдың бір бөлігі анықталған. Қажетті тергеу әрекеттерін жүргізу мақсатында аталған мал жем-шөп базасының аумағына уақытша орналастырылды.
Қазіргі уақытта жәбірленушіге 25 мал қайтарылды, сондай-ақ Тарбағатай ауданының басқа тұрғындарынан ұрланған мал табылды. Барлығы 47 мал тәркіленді. Ұрланған малды анықтау мақсатында фото-кестелер мен бейне-материалдар дайындалған, оларды айрықша белгілері бойынша тануға болады. Аталған материалдар әлеуметтік желілерде орналастырылған.
Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік