Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі
Шығыс Қазақстанда 6 жасар баланы құтқарған Ұлттық ұланның әскери қызметшісі Тілек Құмарбековке «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалі салтанатты түрде табысталды,– деп хабарлайды El.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Өз өмірін қатерге тігіп, шұғыл жағдайда балаға көмекке келу – нағыз ерлік. Тілек өз өмірін қатерге тіккенін біледі. Ұлттық ұланның жауынгерлері әрқашан батылдық танытумен ерекшеленеді», – деді ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Арман Тоқанов.
Сондай-ақ, ол ҚР Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен ержүрек ефрейторға «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалін салтанатты түрде табыс етті.
Оқиға 19 шілдеде болған. Үлбі өзеніне батып бара жатқан баланы құтқаруға ұмтылған Тілек Құмарбеков судың қатты ағысына қарсы тұрып, өзі мерт бола жаздайды. Ол суға тұншығып барып аман қалған.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс