Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыШвецияның Қазқастандағы елшісіне ІІ дәрежелі «Достық» ордені тапсырылды, деп хабарлайды El.kz Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко еліміздегі дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты Швеция Корольдігінің Қазақстандағы Елшісі Матс Фойерді қабылдады.
Р. Василенко швед диломатына Астанадағы жасаған қызметі кезінде Қазақстан-Швеция ынтымақтастығын одан әрі тереңдетудегі белсенді күш-жігері үшін алғыс білдіріп, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы мен Жарлығына сәйкес, Елшіге жоғары награда – II дәрежелі «Достық» орденін табыс етті.
М. Фойердің Астана мен Стокгольм арасындағы саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтіп нығайтуға және екі ел халықтарының жақындасуына қосқан елеулі үлесіне назар аударылды. Елші Қазақстан мен Швецияның сарапшылар қоғамдастықтары арасында экология саласында тәжірибе және білім алмасуды қамтамасыз етуге де айтарлықтай күш салды.
Өз кезегінде, М. Фойер өз еңбегіне жоғары баға бергені үшін ҚР Президентіне шын жүректен ризашылығын білдіріп, елімізде өткізген бес жыл ішінде байқаған қазақстандықтардың қонақжайлылығы мен достығын мәңгі есінде сақтайтынын атап өтті.
Швеция елшісінің пікірінше, елдеріміз арасында тұрақты және экологиялық жауапты экономикалық өсу саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығы жаһандық жылынуға ұшыраған қазіргі әлемде артып келеді.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары