6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерШу ауданында жүкті әйелдің өліміне байланысты медицина қызметкерлеріне қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жамбыл облысы Шу ауданында дәрігерлердің өз қызметтік міндетін дұрыс орындамаған медицина қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын облыстық Полиция департаменті растады.
Алайда қайғылы оқиғаға байланысты жақында аурухана ғимаратында жанжал туындады. Марқұмның туыстары ауруханаға баса-көктеп кіріп, әйнек есіктерді сындырған және медицина қызметкерлеріне күш көрсеткен. Оқиғаның видеолары әлеуметтік желіге таралып жатыр. Полиция қызметкерлері жанжалды тоқтатуға тырысқан.
Полицияның мәліметінше, ауруханадағы жанжал бойынша әзірге құқық қорғау органдарына ресми арыз-шағым түспеген. Дегенмен, оқиға бойынша тергеу амалдары басталған.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі