28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарШуда оқ-дәрі салынған сөмке табылды. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Есірткі бизнесіне және нашақорлыққа қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын орындау мақсатында Жамбыл облысының Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен «Қару» іс-шарасы аясында Шу қаласының теміржол өткелінің жанында орналасқан қараусыз қалған ғимараттан сөмке табылды.
Табылған сөмкенің ішінен 12 калибрлі ИЖ екі ұңғылы тегіс ұңғылы мылтық, 12 калибрлі ТОЗ-63 кесілген қос ұңғылы мылтық, жарық шу гранатасы, 91 түрлі калибрлі патрон, 1 жұп тізе таңғыш және дене сауытының қабы табылды.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігі (Атыс қаруын (тегiс ұңғылы аңшылық қаруынан басқа), оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды және сараптама тағайындалды, – деді ПД ЕҚҚІБ бастығы Әлім Бажықбаев.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?