30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыЖамбыл облысында болған жол апатында 21 жастағы қыз көлік ішінде жанып кетті, екі адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды El.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 9 қыркүйек күні сағат 01.30 шамасында Шу қаласында болған.
«Mercedes Benz автокөлігінің 30 жастағы жүргізушісі Сейфуллин көшесімен үлкен жылдамдықпен келе жатып, 29 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы Volkswagen Golf көлігінің артқы жағына соғылған. Қатты соққыдан Volkswagen Golf өртене бастаған, кейін инерциямен ВАЗ-21150 көлігінің алдыңғы жағын соққан.
Салдарынан Volkswagen Golf автокөлігінде болған 21 жастағы жолаушы қыз өртте қаза болды. Осы көліктің 29 жастағы жүргізушісі мен жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен Шу қаласының орталық ауруханасына жеткізілді. Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сондай-ақ бірқатар сараптама тағайындалды. Mercedes Benz автокөлігінің жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген хабарламада.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды