28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарЖамбылдық полицейлер Шу ауданы Белбасар ауылының маңындағы құмды аймақта орналасқан “Сарғау” учаскесінде аса ірі мөлшерде есірткі затын сақтады деген күдікпен 42 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Есірткінің заңсыз айналымы арнасының жолын кесу бойынша арнайы операция облыстың полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен өткізілді. Бірқатар іздестіру іс-шаралары өткізіліп, нәтижесінде күдікті ұсталған учаскеден жалпы салмағы 237 келі 234 грамм есірткі, қарасора бұталары табылып, тәркіленді.
Тұрғылықты жері бойынша сарайдан жалпы салмағы 12 келі 640 грамм кептірілген марихуана салынған полипропилен қапшық және жалпы салмағы 24 келі 586 грамм гашиш есірткі заты табылды.
Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Шу ауданының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі (Есірткі заттарын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдіктіге қатысты мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылады, – деп хабарлады полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?