23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Полиция қызметкерлерi Шу тұрғынынан 125 келi есiрткi және атыс қаруын тәркіледi, – деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жамбыл облысы ПД Есірткi қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҚР ІІМ ЕҚҚІД және ҚР Ұлттық ұлан арнайы бөлімшесінің әскери қызметшілерімен бiрлесiп «Қарасора-2022» және «Рефлекс» республикалық ЖПІШ өткізу барысында Шу ауданының Тарыайдаған құмды дала аймағынан түскен жедел ақпарат бойынша каннабис өсiмдiгiн жинап жүрген Шу ауылының 51 жастағы тұрғыны ұсталды.
Шұғыл тергеу іс-қимылдарын жүргізу, жеке тексеру және іргелес аумақты тексеру барысында ұсталған адамнан жалпы салмағы 7 келiден асатын кептірілген марихуана және салмағы 118 келi кептірілмеген марихуана және 2 грамнан асатын гашиш табылып, тәркіленді.
Сонымен қатар, оқпаны кесілген оқталған патрон бар 16 калибрлі атыс қаруы, оған қосымша 3 патрон және электрондық таразы тәркіленді. Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Ұсталған адам кiнәсін толық мойындады. Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
– Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігімен (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл баппен мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, – деп хабарлады Жамбыл облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік