Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді
Шу тұрғынынан 38 келіден астам есірткі тәркіленді, – деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жамбыл облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері және 5513 әскери бөлімінің арнайы бөлімше әскери қызметшілері «Қарасора-2022» жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында бірлесіп, есірткі заттарын заңсыз сақтаған адамға қатысты жедел ақпаратты іске асырды.
Шу ауданының аумағындағы «Шу-Меркі» тас жолынан 20 шақырым жердегі құмға жақын маңдағы аймақта Шу ауылының 50 жастағы тұрғынынан жалпы салмағы 38 келіден асатын «каннабис өсімдігі» есірткісі табылып, тәркіленді.
– Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторынақамаққа алынды. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл бапбойынша 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімгебас бостандығынан айыру түріндегі жазақарастырылады, – деп хабарладыоблыстық ПДЕсірткі қылмысына қарсы іс- қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.
Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік