28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарМәжіліс депутаты Азат Перуашев өзінің «Штрафстан» деп айтқан мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Күні кеше Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында кейбір азаматтардың елді сынауға әуестеніп бара жатқанын, бұл әрекеттердің мемлекеттің имиджіне нұқсан келтіретінін сынға алды. Депутат Азат Перуашев Мемлекет басшысының бұл ескертуін өзіне сабақ ретінде қабылдағанын айтады.
Иә, мен Президентпен толықтай келісемін. Расында да біз өз елімізді, мемлекетімізді сыйлауымыз керек. Әсіресе, шетелдік инвесторлар мен туристерді шақырғанда елімізді жамандау үшін шақырып отырған жоқпыз ғой. Сондықтан Президенттің сөзі өте орынды. Өте дұрыс. Әрі қарай да сол жолдан таймауымыз керек. Парламентте сөз сөйлеген кезде біз ресми тілді қолдануға міндеттіміз. Сондықтан сабақ болсын. Мен ол жерде терминді пайдаланғаным дұрыс болмады. Оны мойындап отырмын. Ал негізгі көзқарасым сол баяғыдай. Мен бұл жерде жауапкершілікті заңбұзушылықтың ауыртпалығына сай болуы керектігі туралы айтқанмын, - деп жауап берді депутат журналистерге.
Айта кетейік, бұған дейін Азат Перуашев Парламент мінберінен даулы мәлімдеме жасаған болатын.
Шенеунік мырзалар, сіздер үшін мен ұялып отырмын. Бір рет болса да жылы кеңселерден шығып, кәсіпкердің немесе тұтынушының орнына барып тұрып көріңіздер. Сіздер әлдебір «Штрафстанды» құрып жатырсыздар. Ал «Ақ жол» фракциясы қалыпты нарықтық экономиканы құруды ұсынады, - деп айтқан еді.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?