Кеше, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?Шығыс Қазақстан облысының 50 еріктісі өңірдегі демалушылар жиі баратын орындардың бірі – Дубыгалы көлінің (Окуньки) жағасын қоқыстан тазартты.
Экологиялық шара Ұлан ауданында «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылды.
Акцияға негізінен жастар белсенді қатысып, туған өлкенің табиғатын қорғау мен қоршаған ортаны таза ұстаудың маңызын өз істерімен көрсетті.
Бүгін Таврия ауылдық округіне қарасты Дубыгалы көлінің жағасында «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында «Таза жағалау» акциясын өткізіп жатырмыз. Оған ауданымыздағы «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының мүшелері толықтай қатысуда. Барлығы 50 жас жиналды. Шараның басты мақсаты – жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, табиғатқа жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу, – деді Ұлан аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Бауыржан Бигалиев.
Оның айтуынша, акцияның тағы бір маңызды мақсаты – демалушылар мен туристердің назарын табиғатты аялауға аудару. Әрбір адам демалған орнын таза қалдырып, пластик, шыны және басқа да тұрмыстық қалдықтарды табиғатқа тастамауы қажет.
Мен Сәрсен Аманжолов атындағы жоғары колледждің студентімін. «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысып келеміз. Бүгін Дубыгалы көлінің жағасын тазалап жатырмыз. Барша жастарды табиғатты ластамауға, өзінен кейін қоқыс қалдырмауға және туған жерді аялауға шақырамын, – деді акцияға қатысушы Оксана Тарасова.
Студенттің айтуынша, табиғатты қорғау туралы көп айтқаннан гөрі, нақты іске көшіп, өзгелерге үлгі көрсету әлдеқайда маңызды. Осындай игі бастамалар қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.
Кеше, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?14 Шілде, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд