Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыКеше сағат 05:40-та Зайсан ауданындағы Қаратал ауылынан 25 шақырым жерде екі көлік қар құрсауында қалып қойды, оларда 7 адам болған екен. Жолаушыларға жол талғамайтын техникамен көмекке келген 25-ӨСБ құтқарушылары Дайыр ауылына 4 адам, Зайсан қаласына 3 адамды аман-есен жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Оларға медициналық көмек қажет емес еді. ШҚО ТЖД азаматтарға қауіпсіздік шаралары туралы еске салады. Егер көлік қысқы жолға жабдықталмаған болса, қараңғы түскенде жолға шықпаңыз. Егер шығу қажет болса, тамақ, ыстық сусындар мен жылы киімдерді, зарядталған ұялы телефонды алып жүруді ұмытпаңыз.
Автокөлік ауа-райына сәйкес жабдықталуы керек. Бұл тек қысқы резеңкені ғана емес, сонымен қатар жүксалғышта күрек, кабель, фонарь, алғашқы көмек жинағын алып жүруді білдіреді.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек