Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыШҚО құтқарушылары үш балықшыға көмекке келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.
«112» қызметіне шақыру Ұлан ауданының «Сібе» көлінен келіп түсті. Белгілі болғандай, 3 балықшы ауа-райының қолайсыздығына байланысты өз көліктеріне өздігінен жете алмаған. Қатты соққан боран, олар балық аулаған жердегі түтек боран оларды тығырыққа тіреген. Оқиға орнына келген Ұлан ауданының ТЖ, 13 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері сол жерге жаяу барып, үш адамды көл жағасына, олардың көлігіне жеткізді. Қауіпсіздік мақсатында жақын маңдағы Бозанбай ауылына дейін еріп жүрді.
ШҚО ТЖД азаматтарды дауылдың алдын алу, жел мен боран соғатыны туралы хабардар еткен болатын. Құтқарушылар тұрғындардан тәуекелге бармауды және маршруттың қауіпсіздігіне көз жеткізіп, елді мекендерден тыс жерлерге шықпауды, мұздың қалыңдығы кемінде 10 см мұзға жеткенде ғана шығуды сұрайды. Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар