Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгін жаңа қызметке кіріскен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов қала және аудан әкімдері, басқарма басшыларымен жиын өткізді, деп хабарлайды әкімідіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Жиналыс барысында аймақ басшысы шағын индустриялық аймақтарды дамытуға ерекше назар аударды. Ол жергілікті кәсіпкерлерге көңіл бөліп, қандай мемлекеттік бағдарламалар мен қолдау шараларының бар екенін нақты түсіну қажет екенін айтты.
Әріптестер, біз сіздермен көптен бері таныспыз. Бүгін мен берген ант - ол менің ғана емес, барлығымыздың ортақ антымыз деп қабылдаңыздар. Онда айтылған әрбір сөздің жауапкершілігін сезініңіздер. Халыққа адал қызмет ету деген ұғымның астарында терең мағына бар. Бірінші кезекте Мемлекет басшысының тапсырмаларын уақтылы орындауға көңіл бөлу маңызды. Осыған дейін жоспарланған жобалар іске асырылуы тиіс, - деді Нұрымбет Сақтағанов.
Бұдан өзге ШҚО әкімі су тасқынына дайындық шараларына тоқталып өтті. Ол облыстағы ТЖ бойынша жедел штаб өз жұмысын жалғастыратынын айтты.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?