6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерКелесі жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысынан Қытай Халық Республикасына жаңа әуе бағыты ашылады. Бұл туралы облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Шығыс Қазақстан өңірінде заманауи инфрақұрылым қалыптастыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасып жатыр. Нұрымбет Сақтағановтың айтуынша, аймақта көлік, коммуналдық және энергетикалық жүйелер жаңарып, тұрғындар мен бизнес үшін қолайлы жағдай жасалуда.
Бүгінде Шығыс Қазақстанда көлік, коммуналдық және энергетикалық инфрақұрылымды кезең-кезеңімен жаңартып, логистиканы жеңілдететін әрі өмір сүру мен кәсіп жүргізуді қолайлы ететін заманауи жүйе қалыптасып келеді, – деді облыс басшысы.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, биыл аймақта екі жаңа әуежайдың құрылысы басталған. Сонымен қатар, «Майқапшағай» және «Уба» шекара өткізу бекеттері, бес теміржол вокзалы модернизациялануда.
Сондай-ақ халықаралық бағыттар саны артып келеді.
Өткен жылдан бері облыс орталығынан Мәскеу мен Жаңасібірге халықаралық әуе рейстері орындалып жатыр. Келесі жылдан бастап Қытай Халық Республикасына жаңа әуе бағытын ашу жоспарлануда, – деді Нұрымбет Сақтағанов.
Қазіргі уақытта «Өскемен – Алматы» бағытында жүретін жаңа Тальго пойыз маршрутын іске қосуға дайындық жүргізіліп жатыр.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі