Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЖолшылардың көмегінің арқасында Ресейден келе жатқан 25 жолаушысы бар халықаралық автобус қар құрсауынан аман-есен шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, Ресейден келе жатқан халықаралық жолаушылар автобусы Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы шекарасының ортасында қар құрсауында қалған.
Тез арада жүргізушілер мен жолаушыларға «ҚазАвтоЖол» ШҚО филиалының жол қызметкерлері көмек қолын созды. Жолшылар арнайы техниканың көмегімен қар құрсауында қалған автобус пен қатар бірнеше көліктерді аман алып шықты. Артынша жол қызметкерлерінің сүйемелдеуімен Ресей Федерациясының шекарасынан Қазақстан шекарасына дейін автоколонна ұйымдастырылды, - делінген мәліметте.
Жолаушылар автобусы жүргізушісінің айтуынша, олар Новосібір (РФ) - Өскемен бағыты бойынша жүрген. Автобуста 25 жолаушы болған, оның ішінде бір бала бар.
Ал қар құрсауынан құтқарылған өзге көліктерде 15 адам болған.
Республикалық маңызы бар «Шемонаиха – Ресей Федерациясының шекарасы» автожолында көлік қозғалысына шектеу енгізілгендіктен барлық көліктерді Шемонаиха қаласына дейін жол қызметкерлері арнайы сүйемелдеді.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?