Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыОқиға 20 наурызда сағат 16:30-да болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
QazAvtoJol мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында қардың еруімен және еріген судың пайда болуына байланысты Қарабұлақ ауылы бағытында жергілікті маңызы бар тас жолының жүріс бөлігінде су тасқыны болды (ені - 20 м, тереңдігі - 10 см).
Елді мекенге кіру қосымша жол арқылы жүзеге асырылуда. Сағат 20:30 шамасында тасқын тоқтатылып, су деңгейі төмендеді.
Оқиға орнына аудандық ішкі істер бөлімі мен жергілікті атқарушы органның 8 қызметкері және 7 бірлік техника жұмылдырылды.
Қазіргі уақытта ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Жергілікті атқарушы органдардың мамандары жағдайды тұрақты бақылауда ұстауда.
Атап өтейік, су тасқыны болған жол учаскесі республикалық жолдар санатына жатпайды.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары