23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіШығыс Қазақстан облысындағы "Өскемен-Риддер" тасжолында екі көлік соқтығысып, 2 адам мерт болды, деп хабарлайды El.kz.
ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы сағат 14:00 шамасында Глубокое ауданы Опытное поле кентінің маңында болған.
- "Өскемен-Риддер" тасжолының 3-ші шақырымында "Nissan Note" және "Toyota Land Cruiser" автокөліктері соқтығысты. Соның салдарынан "Toyota Land Cruiser" көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы көз жұмды. Осы көлікте отырған тағы бір жолаушы түрлі жарақаттармен медициналық мекемеге жатқызылды, - делінген ақпаратта.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігіне (Абайсызда екі немесе одан да көп адам өліміне әкеп соққан көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы ережелерін бұзуы) сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалған.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады