23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?ШҚО-да жоғалған қыз табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полиция дерегінше, 7 қарашада Өскемен қаласы ПБ Ертіс ПБ-нің кезекші бөліміне 39 жастағы қала тұрғыны келіп, 15 жастағы қызын іздеуге көмек сұраған. Анасының айтуынша, 3 қарашада қыз әкесіне кетіп, үйіне оралмаған. Ұйымдастырылған жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Өскемен қаласы ПБ Ертіс полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының қызметкерлері жоғалған қыздың орналасқан жерін анықтады.
Осы уақыт бойы ол құрбысының үйінде болған. Бойжеткен 3 қараша күні сағат 14:00 шамасында үйден шығып, бөлек тұратын әкесіне барып қайтатынын айтқан. Біраз уақыттан кейін ол әкесіне құрбысының үйіне түнейтінін айтып, сұранған, кейіннен телефонын өшіріп, байланысқа шықпаған. Үйге оралғысы келмеген.
Орналасқан жері анықталғаннан кейін қыз бірден анасына барып, үйіне қайтарылды. Оның өміріне, денсаулығына және қауіпсіздігіне ештеңе қауіп төндірмейді. Полицейлер онымен осындай фактілерге жол бермеу туралы әңгімелесті, – деп атап өтті Өскемен қаласы ПБ бастығы Андрей Мула.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік