Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекШығыс Қазақстанда Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың жүлдесі үшін жеңіл атлетикадан X халықаралық турнир өтті. Спорттық додаға әлемнің 21 елінен 100-ден астам мықты жеңіл атлеттер жиналды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Атап айтар болсақ, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Армения, Болгария, Румыния, Грузия, Сауд Арабиясы, Литва, Жапония, Оман, Сербия, Чехия, Нидерланды, Сингапур, Греция және басқа мемлекеттердің спортшылары жеңімпаз атану үшін бақ сынасты.
Жарыс Ольга Рыпакованың есімімен аталатын, барлық әлемдік стандарттарға сай келетін және Орталық Азияда теңдесі жоқ Жеңіл атлетика орталығында өтті. Оған облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов арнайы қатысты.
Жеңіл атлетика орталығы біздің өңірдің нағыз визиттік карточкасы болып табылады. Сондай-ақ спорт шеберлігінің шыңына ұмтылатын жүздеген жас және кәсіби атлеттерді спортқа тартатын орынға айналған. 2015 жылдан бастап мұнда ең жоғары деңгейдегі жарыстар өтуде, мұнда спортшылар әлемдік рейтингке ұпай жинай алады. Ал орталықтың өзі үлкен спорттық жетістіктердің аренасына айналды, - деп атап өтті аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов.
Халықаралық турнирдің қорытындысы бойынша спорт тарихына енген 7 жаңа рекорд орнатылып, 47 медаль жиынтығы берілді.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?