23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасында жолаушылар мінген жеңіл автокөлік суға батып кетті, деп хабарлайды El.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға облысқа қарасты Самар ауданындағы Бұқтырма су қоймасында болған. Қызыл ту өткелі маңында 5 жолаушысы бар көлік суға батып, салдарынан 1950 жылы туған әйел адам мерт болды.
Оқиға орнына облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы барды.
Қайғылы жайт орын алған жерде мұз айдынына шығуға тыйым салынатыны туралы белгі қойылған.
Кез келген су айдынындағы мұздың қалыңдығы біркелкі емес. Жағалауға, қамыс пен өсімдік жамылғысының айналасына қар жиналады. Автокөліктердің қауіпсіз өтуі үшін мұз жамылғысының қалыңдығы – кем дегенде 30 см, жүк көлігі үшін автомобильдің салмағына байланысты 70 см-ден кем болмауы керек, - деп ескертті министрліктің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік